Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқбақпаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі өткізілді.
Шара барысында жазушының өмірбаяны мен әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды, «Sara-Ce» дауыстап оқитын машинкасының көмегімен «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасынан үзінді тыңдатылып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан жазушы Бердібек Соқпақбаевтың MP3,LKF, Брайль форматында жазылған басқа да кітаптарын оқып, тыңдай алатыны жайлы оқырмандарға ақпарат берілді.
|